spot_img
25 C
Алматы
Басты бетБас тақырып8 наурызға орай кімдерге 1 миллион теңге көмек беріледі?

8 наурызға орай кімдерге 1 миллион теңге көмек беріледі?

Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi мәліметінше, 21 атаулы және мереке күндерiнде әкiмдiктер мұқтаж қазақстандықтарға әлеуметтiк көмек көрсетедi. Бұл ретте олардың тізбесі, сондай-ақ өңірлердегі төлемдер мөлшері әртүрлі және нақты әкімшілік-аумақтық бірлік бюджетінің мүмкіндіктеріне байланысты болады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына келген жауапта, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдіктері мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды, әлеуметтік көмек, оның ішінде тиісті бюджет қаражатынан төленетін атаулы күндер мен мереке күндеріне арналған мөлшерлемені белгілейтіні айтылған.

“Әлеуметтік көмек алушылардың өтініштерін талап етпей, уәкілетті орган немесе өзге де ұйымдар ұсынысы бойынша жергілікті атқарушы орган бекіткен тізбе бойынша көрсетіледі”, – деді министрлік өкілдері.

Алматы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өз кезегінде Халықаралық әйелдер күніне орай мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған көп балалы отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін бір миллион теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілетінін хабарлады.

Алматы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәліметінше, осы санаттағы тұрғындарға мұндай ақшалай төлем басқа мереке күндері де беріледі, мысалы:

Жаңа жыл – 1-2 қаңтар;
Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз;
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – 1 мамыр;
Астана күні – 6 шілде;
Конституция күні – 30 тамыз;
Республика күні – 25 қазан;
Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан.
Жауаптағы мәлімет бойынша, әлеуметтік көмектің бұл түрін көрсетумен Алматы қалалық инфрақұрылымды дамыту басқармасы айналысады.

Соңғы мақалалар

Оқуға