spot_img
4 C
Алматы
Басты бетБас тақырыпЖамбыл облысында боранға байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Жамбыл облысында боранға байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді

2024 жылғы 28 ақпан сағат 21:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты бір облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «ҚазАвтоЖол»-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 79 шақырым 1 автожол. (боран, шектеулі көрініс):

«Алматы-Ташкент-Термез», Кенен а. — Қайнар а. (автокөліктің барлық түрі үшін)
Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.

Республикалық маңызы бар автожолдарға 296 бірлік техника және 489 адам жұмылдырылды.

Соңғы мақалалар

Оқуға