spot_img
14 C
Алматы
Басты бетБас тақырыпҚазақстанда бензин мен дизельдің жаңа шекті бағасы белгіленеді

Қазақстанда бензин мен дизельдің жаңа шекті бағасы белгіленеді

Қазақстан бензин мен дизельдің жаңа бағасын белгілеуді жоспарлап отыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұйырық жобасында, бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы өткізудің шекті бағалары қосылған құн салығы есебімен мынадай мөлшерде белгілеу ұсынылған:

Аи-80 маркалы бензин – 1 литріне 89 теңге;
Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литріне 205 теңге;
дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литріне 295 теңге.
“Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазір жазғы дизель отынының шекті бағасы шетелдіктер үшін 450 теңге, қазақстандықтар үшін 295 теңге.

Соңғы мақалалар

Оқуға