spot_img
22 C
Алматы
Басты бетБас тақырыпДәрігерлер денесінің 85%-ын термиялық күйік шалған баланы аман алып қалды

Дәрігерлер денесінің 85%-ын термиялық күйік шалған баланы аман алып қалды

Өткен жылдың желтоқсан айында Үштөбе қаласындағы үйлердің бірінде жылу жүйесінің жарылуы салдарынан 2017 және 2021 жылы туған екі бала термиялық күйік пен жарақат алып, Көпсалалы облыстық балалар ауруханасына ауыр жағдайда түскен болатын. Дәрігерлердің дер кезінде көрсеткен медициналық көмегінің арқасында екі бала да аман қалды. Оларға медициналық авиация желісі бойынша көмек көрсетілді және балалар реанимация бөлімшесі жағдайында қарқынды медициналық көмек пен ем алды.
-Дененің 85% термиялық күйік алған бала реанимация бөлімінде бақылауда бір ай болды. Оларға жоғарғы технологиялық медициналық көмек көрсетілді. Бүгін бала үйге аман-есен шығарылды. Оның інісі реанимация бөліміне бет, мойын, кеуде қуысының алдыңғы жағы, екі жоғарғы аяқ-қол аймағында, дененің алдыңғы қабырғасында, төменгі екі аяқтағы күйікпен түскен болатын. Сәтті емдеуден кейін 12 қаңтарда ауруханадан шығарылды, – деді балалар хирургі Даурен Тасболатов.
Даурен Азизбекұлының айтуынша, дененің 40 пайыздан астамы күйік алған жағдайларда өте ауыр жарақат болып табылады. Бұл жағдайда балаларда дененің зақымдануының 80% – дан астамы болады. Талдықорған қаласының реаниматолог, травматолог және хирург дәрігерлердің кәсіби және жанқиярлық әрекеттерінің арқасында ғана балаларда аса ауыр асқынуларды болдырмай, зақымдалған аяқ-қолдардың функцияларын толығымен қалпына келтіре отырып құтқарды. Бүгінде кішкентай пациенттердің өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Соңғы мақалалар

Оқуға