spot_img
12 C
Алматы
Басты бетБас тақырыпНаурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Биыл наурызда қазақстандықтар бірнеше күн демалады. Өйткені бұл айда атаулы мерекелер тойланады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ең ұзақ демалыс күндері бар айлар арасында наурыз да бар. Наурызда 8 наурызға орай қатарынан 3 демалыс күн және Наурыз мерекесіне орай 5 демалыс күн болады.

 8 наурызда қалай демаламыз?

  • Бес күндік жұмыс аптасы: 8, 9, 10 наурыз — демалыс күндер;
  • Алты күндік жұмыс аптасы: 8 наурыз — демалыс, 9 наурыз — жұмыс күні, 10 наурыз — демалыс.

Ұлыстың ұлы күнінде қалай демаламыз?

  • Бес күндік жұмыс аптасы: 21, 22, 23, 24, 25 наурыз — демалыс күндер;
  • Алты күндік жұмыс аптасы: 21, 22, 23, 24 наурыз — демалыс, ал 25 наурыз — жұмыс күні.

Massaget.kz

Айта кетейік, 2024 жылы 249 жұмыс күні және 117 демалыс күні бар. Биыл жұмыс күндері ауыстырылмайды.

Соңғы мақалалар

Оқуға