Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев биылғы жылға қандай жоспары бар екенін айтты.
«2023 жылы мен үшін өте табысты болды: халықаралық турнирларда екі рет финалға шығып, біреуінде топ жардым. Осы жылдан бастап TAS Group компаниялар тобы маған демеушілік жасап жатыр. Алдағы уақытта бірге үлкен жеңістерге жетеміз деп ойлаймын», – деді қазақстандық теннисші, ұлттық құрама мүшесі Бейбіт Жұқаев.
Айта кетейік, Бейбіт Жұқаев қазіргі таңда Қазақстанның төртінші ракеткасы, ал әлемдік рейтингте ТОП-200 теннисшінің қатарына кіреді.