spot_img
14 C
Алматы
Басты бетБас тақырыпАлматыдағы лай көшкіні: қалған үш адам өлі табылды

Алматыдағы лай көшкіні: қалған үш адам өлі табылды

Алматыдағы лай көшкіні болған аумақтан қалған үш адам да өлі табылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ТЖД өкілдері мәлімдеді. Бұған дейін жасөспірімнің денесі табылған еді.

“Оқиға орнында құтқарушылар 1984 жылы туған ер адамның, 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылы туған екі жігіттің мәйіттерін тауып, алып шықты”, – деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, 8 ақпанда түнгі сағат 2-20-да Медеу ауданы, Олимпийская көшесінің бойында техногендік топырақтың лайлануынан лай көшкіні жүргені хабарланды. Төтенше жағдай салдарынан үйлерге зақым келді. Көлемі 3200 текше метр болатын жылжыма түскен. Екі жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келген.

Кейінірек Алматы әкімі Ерболат Досаев лай көшкіні болған жерге барып, шұғыл түрде көшпелі кеңес өткізді.

Соңғы мақалалар

Оқуға