spot_img
11 C
Алматы
Басты бетБас тақырып"32 жылда теңгеміз 99 есе арзандаған". Ғалым Байназар теңге не үшін түсіп...

“32 жылда теңгеміз 99 есе арзандаған”. Ғалым Байназар теңге не үшін түсіп жатқанын түсіндірді

ҚР Ұлттық банкінің тұңғыш төрағасы Ғалым Байназар “QASQA JOL” бағдарламасында теңге валютасы не үшін түсіп жатқанын түсіндіріп берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

“Бұл үлкен қасірет, бұнымен мақтана алмаймыз. Былтыр теңгенің айналымға кіргеніне 30 жыл болды. 15 қарашада оны 4,75 етіп кіргіздік. Қазір есептесек, 2022 жылдың қорытындысымен ол 460,48 екен. Яғни, 99 есе төмен түсіп тұрмыз. 30 жылда өсудің орнына төмен түсіп тұрмыз. Теңгеміздің курсы нығаю керек еді. Себебі қазір импортымыз да, экспортымыз да үлкен. Бізде экспорт импорттан 30-40 пайыз үлкен. 

2022 жылы экспорт 85 млрд, ал импорт 51 млрд болған. Сонда экспорт импорттан 30 млрд-қа артық. Мұндай жағдайда біздің теңге нығаю керек. Егер эскпорт импорттан аз болса, онда теңге төмен түсу керек. Ал енді жаңағыдай экспорт көп болып тұрған да біздің теңгеміздің құны түспеу керек еді. Неге ол түседі? Себебі біздің валюталық биржада – ақша сатылатын алаңда неше түрлі спикулянттар жұмыс істейді. Біздің барлық бай адамдар содан үлкен табыс табады. Олар біздің үкіметтің пайдасы үшін жұмыс істеп отырған жоқ. Ұлттық банктің басышалары сонымен бірге тұр. Біз сол спикулянтты құрауыштарды алу керек деп талай айтқанбыз. Валюталық биржада тек импортқа керек валютаны сату керек. Сосын экспортқа сатылған тауардан пайда болатын біздің табысымыз доллармен елге қайтып келу керек. Бірақ ол елге қайтып келмейді. Өйткені біздің экспорттың 70 пайызы минералды өнімдер (мұнай мен газ). Ал олардың иелері – шетел. Сондықтан олар оны шетелге апарып сатады да, негізгі пайданы сол жақтан табады. Біздің экспорттық деген бағамыз бар. Ол дүниежүзілік нарықтағы бағадан төмен. Сөйтіп олар бізге бірінші налог төмен бағамен төлейді, оған қоса налогтан қалған табысты Қазақстанға қайтармайды. Шетелдің инвесторлары бізден келген табысының 10-12 пайызын ғана налог есебінде төлеп, қалған 80 пайызын шетелге алып кетеді. Сонда 7-8 есе қаражат қоры шетелге кетіп қалады. Міне біз осыдан құтылуымыз керек”, – дейді Ғалым Байназар.

Соңғы мақалалар

Оқуға