Астана полиция департаментінің SMS-хабарламасы қазақстандықтарды күлдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үтірге байланысты хабарлама алаяқтарға үндеу тәрізді болып қалған. Сондай-ақ, қолданушыларды “Алаяқтар” сөзінің бас әріппен жазылғаны таңғалдырған.
Астана полициясы бұл хабарламаны түсіндірді. Олар Полиция департаменті атынан Астана тұрғындарына жіберілген SMS-хабарламада техникалық қате жіберілгенін мойындады.
“Қазіргі уақытта ол жойылды, ертең ұялы байланыс операторы қосымша хабарлама таратады. Бұл профилактикалық хабарлама және зиян сілтемелер арқылы алаяқтардың қауіпті айлалары туралы ескертеді”, – деп түсіндірді елордалық полицияның баспасөз қызметі.