spot_img
8 C
Алматы
Басты бетБас тақырыпАлматыда 1-2 ақпанда жолда жүруге шектеу болады

Алматыда 1-2 ақпанда жолда жүруге шектеу болады

Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтуіне байланысты 1-2 ақпанда жолда жүруге шектеу болады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы қаласында 1-2 ақпанда Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей үкімет басшыларының және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы төрағасы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады.

Сонымен қатар, Алматы – дәстүрлі түрде жыл сайынғы Digital Almaty форумын өткізетін орын.

ЕМПС халықаралық форматы мен “Digital Almaty 2024: Индустрия X” форумы саяси және қоғам қайраткерлерінің, түрлі елдердегі сарапшылық топтардың жетекші өкілдерінің және IT бизнес көшбасшылары қатысады.

Осыған орай, шараның ауқымы мен күтілетін қонақтардың санын ескере отырып, Алматы полиция департаменті 1-2 ақпанда көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылатынын хабарлайды:

1 ақпанда Әл-Фараби даңғылы, ШААЖ, Құлжа тас жолы, Саин, Шаляпин, Майлин, Бұқтырма көшелерінің аймағында түзетулер болуы мүмкін.
2 ақпанда Әл-Фараби, Сейфуллин даңғылдары, Саин, Жароков, Шаляпин көшелерінде.
Айта кету керек, жол шектеулері қоғамдық көліктердің жұмысына әсер етпейді.
Полиция департаменті азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды және кептелістерді болдырмау үшін алдын ала бағыттарын реттеуді сұрады.

Соңғы мақалалар

Оқуға