spot_img
22 C
Алматы
Басты бетБас тақырып35 құрылыс компаниясына айыппұл салынды

35 құрылыс компаниясына айыппұл салынды

Маңғыстауда 35 құрылыс компаниясына айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Прокуратура органдары үлескерлердің ақшасын заңсыз тарту фактілерін анықтау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

Сатылатын пәтерлердің көпшілігі әлеуметтік желілер мен ресми сайттарда («Крыша», «ОЛХ», «Кортер», «Инстаграм» және т.б.) орналастырылған.

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңның 7-бабына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдері нақты айқындалған.

Айта кету керек, үлескерлердің ақшасын тарту, яғни рұқсатсыз пәтерлерді сатқаны үшін ӘҚБтК-нің 320-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылық қарастырылған.

2023 жылы прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде 35 құрылыс салушы 27 млн теңге айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар 5 проблемалық құрылыс салушымен ҚазҚСҒЗИ-дан оң қорытынды (қауіпсіздік туралы) алынып, осылайша 1 мыңға жуық үлескердің тұрғын үй алу құқығы қорғалды, – делінген хабарламада.

Алайда, қала аумағында ТҮК салуды жүзеге асыратын құрылыс компаниялары өз бастамасы бойынша сатып алу-сату туралы алдын ала шарттар жасасады.

Жаңа ғимараттардағы пәтерлерді таңдау кезінде сатып алушылардың жиі жіберетін қателіктері туралы ескертеміз.

Таңдау кезінде бірнеше тармаққа назар аудару керек.

Мәселен, құрылыс компаниясында жергілікті атқарушы органдардан алынған жерге тиісті құқық беру туралы шешім, инженерлік қамтамасыз ету және коммуналдық қызметтер көздеріне қосылуға техникалық шарттар, сондай-ақ салымшылардың қаражатын тартуға рұқсаттың болуы тиіс.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органнан сәулет-жоспарлау тапсырмасы алынып, бас сәулетшімен келісілген нобайлық жоба, жұмыс жобасы сараптамасының оң қорытындысы және құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның болуы маңызды.

Егер бұл құжаттар ұсынылмаған жағдайда, құрылыс объектісі заңсыз, яғни тиісті рұқсат құжаттармен ресімделмеген болып есептеледі.

Соңғы мақалалар

Оқуға