spot_img
-6.1 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарАлматыдағы орталық музейде екі монографиялық еңбектің тұсаукесер рәсімі өтті

Алматыдағы орталық музейде екі монографиялық еңбектің тұсаукесер рәсімі өтті

Алғашқысы «Деньги на «Шелковом пути» (территория Казахстана, XIII-XIV вв.) деген атаумен жарық көрді. Авторлары Музейлік деректану және қолжазба бөлімінің ғалымдары Павел Николаевич Петров, Нұрлан Әділбекұлы Атығаев және Жасұлан Мәзуләұлы Белтенов.

Ұжымдық монография қазіргі Қазақстан аумағы арқылы өткен керуен жолдарында орналасқан XIII-XIV ғасырлардағы елді мекендердің  монета айналымы мен монета ісі негізінде «Жібек жолы» трассаларының белсенділігін зерттеуге арналған. Кітап 3 тараудан тұрады.

Ал екінші жеке монографиялық еңбектің авторы профессор Нұрлан Әділбекұлы Атығаев. Кітап «Казахское ханство: очерки внешнеполитической истории XV-XVII веков» деп аталады. Бұл монография XV-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығының сыртқы саяси тарихына арналған.

Алғашқы құттықтау сөз Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің директоры – Харипова Рашида Ерімқызына берілді. Ол  аталмыш ғылыми жұмыстар үш жылдық еңбектің жемісі екенін айта келіп, шараға zoom платформасы арқылы қатысқан ұжымдық  монографияның негізгі авторларының бірі, нумизмат ғалым  Павел Петровқа алғыс білдірді. Сондай-ақ монографиялық еңбектердің жазылу тарихына байланысты ақпараттармен кітап авторлары Жасұлан Белтенов пен Нұрлан Атығаевтар бөлісті.

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Суат Бейлур, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрсан Әлімбай, ҚР ҰҒА академигі Берекет Кәрібаев, АБДУ гуманитарлық зерттеу институтының директоры Қанат Өскенбай, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев т.б ғалымдар мен қоғам қайраткерлері шараға арнайы қатысып, құттықтауларын жеткізді.

Шара соңында зиялы қауым өкілдері мен ғылыми мекемелерге аталмыш монографиялық еңбектер үлестірілді.

Соңғы мақалалар

Оқуға