spot_img
8 C
Алматы
Басты бетБас тақырыпБалқаш ауданында ет өндірісі 107,2%-ға артты

Балқаш ауданында ет өндірісі 107,2%-ға артты

Алматы облысындағы басты аудандардың бірі – Балқаш. 28 елді мекен мен 15 ауылдық округ кіретін аймақтың негізгі экономикалық драйвері – ауыл шаруашылығы. Ақ күрішімен атақты ауданда өткен жылы нақты көлем индексі 103,5%-ды көрсетіп, жалпы ішкі өңірлік өнім 62 млрд. 114,2 млн. теңгеге жетіп жығылды,деп хабарлайды өңірілік коммуникациялар қызметі.

Балқаш ауданындағы егіс алқабының көлемі 30 мың гектардан асады. Соның ішінде, жаздық дәнді дақылдар 14614,5 га аумақты алып жатыр. Өткен жылы осы егістіктің 6917,5 гектар жеріне күріш өсірілген. Қарашасын ақ алтыны асырған мекенде өткен жылы 30 160 тонна күріш алынып, орташа өнімділік 43,6 ц/га жетті. Диқандарды мемлекет тарапынан қолдау тұрақты түрде жүзеге асырылған. Мәселен, былтыр көктемгі дала жұмыстарына 811 тонна, күзгі дала жұмыстарына 747 тонна арзандатылған дизель отыны берілген. Биылға жағар-жанармайға қажеттілік 520 тоннаны көрсетіп, сұраныста жіберіліп үлгерген. Балқаш ауданындағы халықтың басты табыс көздерінің қатарында мал шаруашлығы да бар. Қазіргі таңда ауданда 839 шаруа қожалықтары тіркелген. Сәйкесінше, аймақтағы ірі-қара мал 96 100 басқа жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 105,2 пайызға өсті.

Соңғы мақалалар

Оқуға