spot_img
20 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарҚАЙРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАСАҢ, ҚАЙЫРЫН ӨЗІҢ КӨРЕРСІҢ

ҚАЙРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАСАҢ, ҚАЙЫРЫН ӨЗІҢ КӨРЕРСІҢ

Түркістан облысы Полиция департаментіне Түркістан қаласының тұрғыны, 3 бүлдіршіннің анасы көзі жанары зақымдалып, көру қабілеті нашарлаған, Шахида есімді азаматша материалдық көмек сұрап хат жазған болатын.

Қашанда жетімін жылатпаған елдің ұрпағы ер азаматтарымыз патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қолдарынан келгенше материалдық көмек көрсетуді ұйғарды.

Осы орайда азаматша тұрып жатқан мекен-жайына барып, ауласына қыстық қатты отын көмір түсіріп, сондай-ақ үйіне төсеніш кілем мен азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Ер азаматтарға алғысын білдірген нәзік жан олардың істеріне алғысын білдіріп, қашанда осындай тәрбиелі істердің басы – қасынан табылуын тіледі.

Айта кету керек бұл отбасы патрульдік полиция батальонының қамқорлығында.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Соңғы мақалалар

Оқуға