spot_img
20 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарАрай Бакимбаева, Inspire компаниясының бренд амбассадоры: "Дүниежүзіндегі 1 пайыз адамдардың сана сезімін...

Арай Бакимбаева, Inspire компаниясының бренд амбассадоры: “Дүниежүзіндегі 1 пайыз адамдардың сана сезімін ояту”

Бұл компания қазақстандық жаңа жоба. Біздің мақсат жер бетіндегі адамдардың өзімен күрес, ішкі жан-дүниесіндегі шектеулерді алып тастау, көмектесу. Бір мысал айта кетейін. Бізге бір келіншек келіп, компанияға тіркелді. Ол әйелмен жақынырақ таныса келгенде барлық басындағы қиындықты айтып берді. Күйеуі 20 жылға сотталып кеткен. Өзі екі бала-шағамен қиналып жүргенін айтты. Компанияға келудегі басты мақсаты өзінің жағдайын жасап, тығырықтан шығу еді. Батыс Қазақстанда фармкомпанияда жұмыс істейді. Алайда осы қиындықтарға байланысты көптеген жұмысында мәселелер пайда болған. Біздің компанияға келіп, кеңес алғаннан кейін жұмысы алға жүрген. Бастықтардың көзіне түскен. Арнайы бұл қызметкерге жұмыс көлігін берген. Екіншіден табысым артып, балаларым тынышталып жақсы өмірім жалғаса бастады. Тіпті күйеуіме ажырасамын деп айтуға барғанда өте таңғалдым – дейді. Себебі зонада отырған күйеуі арнайы ИП ашып, 30-дан астам адамды жұмысқа тартып Шымкент қаласына айына 5000 астау сатып өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Мұнымен айтпағым әйел адам өзінің энергиясын сезініп, барлығына тіпті әлемге көмектесе алады.


Inspire компаниясының бренд амбассадоры Арай Бакимбаеваның айтуынша, отбасылық жағдайда әйелдердің атқаратын рөлі өте маңызды.
Әйел адам өз ішкі жан-дүниесін өзгерткен кезде. Оның бала-шағасы бар ма, өз орны бар ма, жұмысы немесе жолдасы бар ма оның барлығы өз орнына қалыптасып келетін нәрсе. Бізде әйелдер барлығы дұрыс деген өтірік сеніммен жүреді. Көп әйелдер керек, мен өзім, мен міндеттімін деп өмір сүреді. Күйеулеріне деген әйелдерінің сенімі жоқ. Ол дұрыс емес. Негізі біздің өмірімізде барлығы энергия. Отбасыда энергия алмасу болуы керек.


Менің негізгі мамандығым есепші. Мен бұл компанияға өзімнің жеке мәселемді шешемін деп келдім. Псимхологияға сенер болсақ, адам өзінің ішкі жан-дүниесі күйзеліске түскен уақытта осындай шешім іздеп бастайды. Менің психологияны зерттеп, түбегейлі айналысып жүргеніме 15 жыл. Inspire компаниясына 7-8 жыл уақыт болды.


Алға қойған мақсат өте көп. Жуырда біз Солтүстік Кипр және Дубай қаласында өзіміздің кеңсемізді ашуды жоспарлап отырмыз. Ресей мемлекеті аумағында білім беру платформасы ретінде өзіміздің компанияны тіркедік. Inspire компаниясындағы ең бірегей жобамыз әрі курс «Бақытты әйел» – деп аталады. Қазір қазақ тілі, орыс тілін және ағылшын тілінде бар. Енді испан тіліне аударылып жатыр. Болашақта Еуропаға шығуды көздеп отырмыз. Негізгі мақсат, міндет дүниежүзіндегі 1 пайыз адамдардың сана сезімін ояту.

Соңғы мақалалар

Оқуға