spot_img
8 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарТүркістан облысында Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен полицейлердің гарнизондық байқауы өтті

Түркістан облысында Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен полицейлердің гарнизондық байқауы өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында, Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің гарнизондық байқауы өтті. Байқауға облыстық департамент бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов қатысып, жеке құрамды келе жатқан мерекесімен құттықтады.

“Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Еліміз өркендеп, халықтың бірлігі нығайсын. Тәуелсіздіктің іргетасы мызғымасын, халықтың үміті – асқақ, ал егемендігіміз – тұрақты болсын. Отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық пен өркендеу тілеймін! “, – деп атап өтті облыстың бас полицейі.

Байқау барысында жеке құрамның қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқаруға дайындығы тексерілді. Сондай-ақ сыртқы келбетіне, саптық түсім дағдыларына, бөлімшелердің жалпы үйлесімділігі мен қызметтік автокөліктің жай-күйіне назар аударылды.

Полиция департаментінің басшылығы мереке мен демалыс күндері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында нұсқаулық өткізді. Тәртіп сақшылары үшін бұл күндері адамдардың тыныш демалуы өте маңызды. Ал қызмет атқару, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полицияның басты міндеті.

Байқау соңында Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен полицейлері салтанатты шерумен өтіп, өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға кірісті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Соңғы мақалалар

Оқуға