spot_img
14 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 3000-ҒА ЖУЫҚ ЕРІКТІМЕН БІРГЕ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫП КЕЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 3000-ҒА ЖУЫҚ ЕРІКТІМЕН БІРГЕ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫП КЕЛЕДІ

Түркістан облысы полиция департаменті қызметкерлері облыс бойынша 3000-ға жуық еріктімен бірге көптеген профилактикалық іс-шараларды атқарып жүр.
Соның бірі Түркістан медицина колледжіндегі ерікті жастардың полицейлермен бірге жол апаттарының алдын алу бойынша үнпарақтар таратуы.
Ерікті жастар жүргізушілерге жолда жүру ережесі бойынша арнайы ескерту жазылған үнпарақтарды ұсынып, өз қауіпсіздігі үшін ережені сақтауын сұранды.
Жалпы, еріктілер іс-шаралардан бөлек адам жоғалу жайттерінде де белсенді түрде іздеу жұмыстарына қатысып, тәртіп сақшыларымен бірге талай жандардың үйіне дін аман оралуына себепкер болған.
Жыл сайын полицейлер 5 желтоқсан халықаралық еріктілер күніне орай оларды марапаттап, көмек көрсеткендері үшін алғыстарын жеткізеді.

Соңғы мақалалар

Оқуға