spot_img
8 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ – ЗОМБЫЛЫҚ - ҚОҒАМ ДЕРТІ

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ – ЗОМБЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында Түркістан облысы Сарыағаш ауданында жастармен кездесу ұйымдастырылды. Аталған шараға әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау бөлімінің аға инспекторы Ақтолқын Кубегенова, Сарыағаш ауданы әкімдігі жанынан құрылған кауіпсіздікті камтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топ мүшесі Жазира Ибрахим, аға инспектор Гүлмира Сарыбаева мен «Жастар ресурстық орталығының» маманы Нұрболат Әбдірәлім және аудан мектептерінің жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдер қатысты.
Қазіргі күні елімізде отбасы институтының беделін арттыру, нығайту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Бірақ жалпыұлттық іс-шаралар жоспары шеңберінде аз қамтылған, көпбалалы, қиын жағдайға тап болған отбасыларға жәрдемдесетін орталықтардың көптігіне қарамастан, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандардың саны азаймай тұр.Отбасындағы жанжалдан басталып зорлық-зомбылыққа ұласатын әрекеттерден зәбір көретіндердің басым бөлігі – әйелдер мен балалар. Сондықтан бұл мәселе – еліміздегі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр- деп Ақтолқын Серікқызы өзінің пікірін білдірді
Шара барысында жасөспірім балаларды зорлық зомбылықтан корғауға, отбасының, оның ішінде әйел-ананың рөлін нығайтуға, отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған, мемлекеттің қабылдап жатқан шаралары тура кеңінен ақпараттар беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Соңғы мақалалар

Оқуға