spot_img
20 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарБүгінгі күннің батыры: Алматы облысында сегізінші сынып оқушысы бақылаусыз қалған автобустың жолаушыларын...

Бүгінгі күннің батыры: Алматы облысында сегізінші сынып оқушысы бақылаусыз қалған автобустың жолаушыларын аман алып қалды

24 қараша күні Іле ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде Марат Сұлтанғазиев өзінің әрекетімен ауыр оқиғаның алдын алған жас батырды құттықтады. 22 қарашада мектептен қайтып келе жатқан бала ондаған жолаушы мен бақылаусыз қалған автобус жүргізушісінің өмірін сақтап қалды.
Егер сегізінші сынып оқушысының батыл әрекеті болмаса, басқарудан шыққан көп тонналық көлік үлкен жылдамдықпен тұрғын үйлерге кіріп кетуі мүмкіндігі жоғары болатын. Сонда оқиғаның салдары әлдеқайда ауыр болар еді. Бірақ бақытымызға орай, қайғылы жағдайдың алдын алды. Қоғамдық көлік жүргізушісінің кенеттен жағдайы нашарлағанын көрген оқушы жүріп бара жатқан автобустың басқару салонына кіріп, тежегішті дер кезінде басып, көлікті тоқтатып үлгерген.
№24 мектеп-лицейінің 8-сыныбында оқитын кейіпкеріміз Ақжол – мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып, сыныптастары мен кіші балаларға көмектесуге әрқашан дайын. Ақжол ортасымен тез тіл табысатын, ашық бала.
Ерлігі үшін сегізінші сынып оқушысы Ақжол облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қолынан «Алғыс хат» пен iPhone 15 моделін салтанатты түрде алды.
«Мұндай әрекеттер ерекше алғыс пен құрметке лайық. Біз барша жастарға үлгі болуы тиіс өңіріміздің жас батырын мақтан тұтамыз», – деді Алматы облысының әкімі.
Сондай-ақ Сұлтанғазиев бұл іс ерлік пен батылдықтың, жауапты істің үлгісі екенін атап өтті.
Ақжол «нағыз батыр», шынында да жақсы ата-ананың жақсы бала тәрбиелейтінін дәлелдеді.

Соңғы мақалалар

Оқуға