spot_img
8 C
Алматы
Басты бетӘлемдеҚазақстанда жыл сайын қанша әйел тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан көз жұмады?

Қазақстанда жыл сайын қанша әйел тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан көз жұмады?

Бас прокуратура Қазақстанда күн сайын полицияға тұрмыстағы оқиғаларға қатысты 300 шағым түсетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

“Тұрмыстағы зорлық-зомбылық қоғамда ауыр мәселеге айналып барады. Жыл сайын елімізде осы азғындықтың кесірінен кем дегенде 80-ге жуық әйел көз жұмады, 150-ге жуығы ауыр, 200-дейі орташа, 4000-нан аса жеңіл жарақат алады. Полицияға күн сайын 300 хабарлама түседі”, – деді Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Марат Әбішев.

Ол әйелдер мен балаларды ұрып-соғу, мүгедек ету немесе өлтіру сияқты әрбір жағдай алаңдататынын айтты. 

“2023 жылдың 10 айында 50 мың адам әкімшілік жауапкершілікке, 700 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды”, – деді Әбішев.

Соңғы мақалалар

Оқуға