spot_img
14 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарАса ірі көлемде пара алды: экс-депутат Әлтаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Аса ірі көлемде пара алды: экс-депутат Әлтаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты экс-вице-министр Нұржан Әлтаевқа аса ірі көлемде пара алғаны үшін үкім шығарды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлтаевқа Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-тармағында көзделген қылмыс бойынша айып тағылды. 

“Бұрынғы вице-министр 2018 жылғы ақпаннан 2020 жылғы шілдеге дейін жалпы қамқорлық және “Атамекен” АЭС-тің мүддесін қолдағаны үшін М.-дан делдал арқылы жалпы сомасы 115 мың АҚШ доллары және 8 миллион 150 мың теңге пара алған.

Айыпталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, ұялы телефон арқылы хат алмасумен, жасырын тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, сараптама қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен және т.б. дәлелденді”, – деді сот. 

Прокурор айыптауды қолдап, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сотталушы ақтауды сұрады.

“Сот оның балаларының болуын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай деп таныды.Оның берген антын бұзу қылмысты ауырлататын мән-жай болды.

Сот үкімімен экс-вице-министр Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған өмір бойына азаматтық қызмет атқару құқығынан айырумен 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”, – делінген сот қаулысында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы мақалалар

Оқуға