spot_img
20 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарАрыста 6 ғимараттың ашылу салтанаты өтті

Арыста 6 ғимараттың ашылу салтанаты өтті

Арыс қаласында жалпы халықтың қаржылай қолдауымен және сауапты іске жұмыла қалатын жомарт жандардың демеушілігімен сәні мен сәулеті жарасқан зәулім мешіт ашылды.

Бір мезетте 2000 адам құлшылық жасай алатын ғибадатхананың ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова, мешіт салуға атсалысқан кәсіпкерлер мен ақсақалдар және қала тұрғындары қатысты.

Салтанатты жиын ҚМДБ-ның төрағасы, бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлының қасиетті Құран Кәрімді тиләуат етуімен басталды. Әрі қарай, құрметті қонақтар рет-ретімен сөз алып, жүрекжарды лебіздерімен бөлісті.

Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мешіттің салынуына үлес қосқан азаматтар мен кәсіпкерлердің ұйымшылдық көрсетіп, аз уақытта мешітті тапсырып отырғанына алғыс айтты. Жастарға имандылық тәрбие беріп, асыл дінімізді насихаттайтын құтты мекенге айналады деп сенім білдірді.

Жаңа мешітке діни басқарманың шешімімен «Хәзірет Әбу Бәкір әс-Сыддық» атауы беріліп, Бас мүфтидің бұйрығымен Берік Үйсінбаев имам болып тағайындалды.

Айта кетейік, жаңа мешіттің мінәжат залы 1500 ш.м. құрайды. Құрылыс сәулеті ұлттық нақышпен тұрғызылған. Қала іргесінде, тоғыз жолдың торабында орналасқан ғибадатханаға әрқайсысы биіктігі 33 метр болатын төрт мұнарасы, үлкенді-кішілі 17 күмбезі орнатылған. Мешіттің тағы бір ерекшелігі мұнарасы – Мәдинеге, құбыласы Меккеге бағытталыпты. Үш қабаттан тұратын мешітте бір мезетте 2 мың адам құлшылық ете алады. Мұнда үлкен залға ілінген люстрада 99 жарықшам қойылған. Бұл Алланың  99 есіміне орайластырған. Бұдан бөлек, мұнда конференция залы, кітапханасы, дәрісханалар, бір үлкен әйелдер залы, неке және имамдар бөлмесі бар. Сонымен қатар 100 автокөлікке арналған автотұраққа орын бөлінген. Мешіт аумағында 150 кісіге арналған асханасы да қарастырылған.

Құдай үйін жаңа кілеммен жабдықтауға мешіттің соғылуына үлкен демеушілік танытқан белгілі кәсіпкер Балқия Балтабай атсалысқан. Ол салмағы 9 тоннаға жуық болатын, өте сапалы, қой жүнінен тоқылған кілемді өз қаржысына Түркиядан арнайы алдырып, сыйға тартты.

Сонымен қатар, жаңа мешіт жанынан 300 балаға арналған «Әз Тәуке хан» қарилар дайындау орталығы (жатақханасымен), спорт кешені, тәлім беруші ұстаздарға арналған 6 қызметтік үй мен адал мейрамхана, сондай-ақ                        300 орындық қыздар медресесі орналасқан.

Соңғы мақалалар

Оқуға