spot_img
20 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарАкадемик Сартаев Сұлтан Сартайұлы және оның ғылыми еңбектері

Академик Сартаев Сұлтан Сартайұлы және оның ғылыми еңбектері

      Академик Сартаев С. С. ақындық таланттың озық тұлғасы, он екі томдық өлеңдер мен афоризмдерді қамтыған кітабын жарыққа шығарған. Академик Сартаев С.С. қазақ халқының тарихы мен қазіргі дамуы, парламент қызметі мен депутаттардың сапасы туралы, ар-намыс, басшыларға қойылатын талаптар, т.б. туралы өзіндік ой-пікірлерін білдірген. С. Сартаевтың өлеңдері Мәскеуде 2014 жылы Г. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті шығарған поэтикалық жинақта жарық көрді.

      С.С.Сартайұлының ерекше таланты оның 2002-2005 жылдары шығарылған он томдық басылымы: «Арнау», «Көңілім», «Елім менің», «Парламент және парламент төңірегіндегі туған ойлар» атты шығармаларында көрінеді. Осыған орай, КСРО-ның ыдырауы туралы 32-томдық материалдар мен құжаттар сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы» туралы 10-томдық материалдан тұратын бірегей ғылыми еңбектер басылымға дайындалды.

     С.С.Сартайұлы тек Қазақстанның ғана емес,  сонымен қатар Өзбекстанның да тарихи-құқықтық ғылымның дамуына үлкен әсер етті. Ол белгілі ғалым, тарихшы А.Ю.Якубовскийдің «Сығнақ (Сугнак) қирандылары» атты туындысын бір кітапқа жинақтаған. Бұл еңбекті С.Сартаев қазақ тіліне аударып, қалың оқырманға жариялаған. А.Ю.Якубовскийдің мақаласы Орталық Азия елдерінің тарихшылары мен археологтары үшін аса құнды материал болып табылады. Бұл кітапты академик С.Сартаев Өзбекстан Ұлттық музейіне сыйға тартып, онда құрметті орынға ие болды. Өзбекстандық қоғамтанушы ғалымдар  академик С.Сартаевтың Өзбекстандағы заң ғылымының дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады.

     С.Сартаевтың демеушілігімен белгілі өзбек ғалымы және заңгері Икрам Жалиловтың «Олар философия және заң ғылымдарының бастауында тұрды» атты еңбегі жарық көрді. Бұл жұмыста белгілі өзбек ғалым-философтары, Өзбекстан Республикасының заңгер-академиктері Х. Сулайманова мен И. Муминовтың ғылыми үлестері айқын көрінеді. Айта кетсек,  академик Хадича Сулайманова Орталық Азиядағы тұңғыш әйел – заң ғылымдарының докторы, профессор, мемлекет және қоғам қайраткері, Өзбекстандағы заң ғылымын ұйымдастырушы. Сондай-ақ осы кітапта Сартаев С.С. Өзбек КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Өзбекстан жер құқығының негізін салушы Икрам Жалилов тұлғалық бейнесін ашады.

     Сартаев С. «Хисамеддин Сығнаки (Сұнақ ата) – данышпан тұлға» (Алматы, 2012) кітабын орыс тіліне аударған (авторлары Сопыбеков А., Саркулов А.). Мұнда 11 ғасырда өмір сүрген Отырар кітаптарын сақтаушы, Шығыстың көрнекті ойшылы, ағартушы Хисамеддин Сығнакидің өмірі мен қызметі баяндалған. Осылайша Хисамеддин Сығнакидің идеялары мен тапқыр еңбектері  қалың жұртшылыққа қолжетімді болды. Бұл ойшыл қазақ халқының арғы тегі, ислам дінін таратушысы болып табылады.

     Академик Сартаев С.С. қалың жұртшылыққа арнап «Түркілер империясы», «Түркілер империялары» (Алматы, 2015) атты көлемді кітапты қазақ тіліне аударып, басып шығарды. Бұл кітапта түркі халқының үш мың жылдан астам тарихы қамтылған.

     Академик Сартаев С.С. ауқымды қайырымдылық шараларын жүзеге асырды. Академик өзінің жеке қаражатына Қызылорда облысы Жаңақорған ауылында 840 орындық үш қабатты мешіт пен Қазақстанның көрнекті қайраткерлеріне үш ескерткіш тұрғызды. Бұл қазақтың көрнекті композиторы Бексұлтан Байкенжеевтің ескерткіші; халық емшісі, он ұлды майданға шығарып салған ана-Үміт анаға ескерткіш; Хисамиддин Сығнаки Сунақ ата ескерткіші – 11 ғасырдың көрнекті қайраткері, қазақ халқы арасында ислам діні мен ислам дінін белсенді түрде насихаттаған тұлға.

     Академик Сартаев С.С. біліктілігі жоғары заң кадрларының көпшілігін дайындады. Оның ғылыми жетекшілігімен оннан астам заң ғылымдарының докторлары мен 60-тан астам заң ғылымдарының кандидаттары дайындалды.

     Академик Сартаевтың шәкірттері мен ізбасарлары барлық мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарында жұмыс істейді.

     Академик Сартаев С.С. – әлемге әйгілі ғалым, Ташкент мемлекеттік университетінде жиырма жылдан астам, Қырғызстан үкіметіндегі  Қырғыз мемлекеттік заң академиясында 10 жылдан астам диссертациялық кеңестің мүшесі болды.

Ибраева А.С. – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

 мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,

конституциялық және әкімшілік

құқық кафедрасының профессоры,

заң ғылымдарының докторы

Турсынкулова Д.А. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

мемлекет және құқық теориясы мен

тарихы, конституциялық және әкімшілік

құқық кафедрасының аға оқытушысы,

заң ғылымдарының кандидаты

Соңғы мақалалар

Оқуға