spot_img
14 C
Алматы
Басты бетӘлемдеЕскелді аудандық ауруханасы стационарлық ем көрсету бойынша үздік атанды

Ескелді аудандық ауруханасы стационарлық ем көрсету бойынша үздік атанды

Алматы қаласында «Сапалы құжат: ұлттық стандарттарға негізделген ісқағаз» атты республикалық конкурс жеңімпаздары марапатталды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған байқауда Ескелді аудандық орталық ауруханасы «Үздік стационарлық ем көрсететін медициналық ұйым» аталымы бойынша жүлделі үшінші орынды иеленді.

Аурухананың терапия бөлімінің меңгерушісі Эльмира Талғатқызы:

-Біздің аурухананың әрбір қызметкері өз ісіне жауапкершілікпен қарайды. Сондықтан осындай нәтижеге қол жеткіздік деп ойлаймын. Біз әрдайым пациенттерге сапалы медициналық көмек көрсетуге тырысамыз, – деді.

Байқауға қатысқан медициналық мекемелер «Үздік денсаулық сақтау басқармасы» аталымы, «Үздік амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйым» аталымы, «Үздік стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйым» аталымы, «Үздік медициналық оңалту ұйымы» аталымы, «Үздік қан қызметі» аталымы бойынша марапатталды.

Басқармаға денсаулық сақтау жүйесінде тіл саясатын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған конкурсқа белсенді қатысқаны үшін аталған министрлік атынан алғыс хат табысталды.

Соңғы мақалалар

Оқуға