Басты бетЖаңалықтарТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысында сталкингтің алдын алу және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған кездесу өтті.
Іс-шараға спикерлер ретінде тележүргізуші және қоғам қайраткері Дана Нұржігіт, сондай-ақ Түркістан облысы Полиция департаментінің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы Мөлдір Құрманбекова сөз сөйледі.
Талқылауға азаматтық қоғам өкілдері, құқық қорғау саласының өкілдері, психологтар, журналистер мен студенттер қатысты.
Қатысушылар сталкингтің құқықтық салдары, сондай-ақ осындай өтініштерге ден қою алгоритмдерін және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын талқылады.
Полиция аға лейтенанты М.Құрманбекова құқық бұзушылықтың алдын алу, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және сталкинг жағдайларының тосқауыл қоюдағы өзара іс-қимылдың маңыздылығына назар аударды. Сонымен қатар Дана Нұржігіттің «Көлеңке 115-1» кітабы талқыланды. Кездесуге қатысушылар авторға қызықтырған сұрақтарын қойып, шығармада қозғалған өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Өз кезегінде полиция азаматтарды сталкинг фактілеріне бей-жай қарамауға, осындай жағдайлар туралы уақтылы хабарлауға және ішкі істер органдарынан көмек сұрауға шақырады. Қауіп төнген жағдайда дереу 102 нөміріне қоңырау шалу қажеттігін ескертті.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Соңғы мақалалар

Оқуға