Түркістан қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері Қызылорда тас жолы бойында орналасқан көлік желімдеу орталығының жұмысшылары белгіленбеген орынға шамамен 1,5 тонна автокөлік дөңгелектерінің қалдығын тастағанын анықтады. Сондай-ақ Тәуке хан даңғылы бойында құрылыс қалдықтарын рұқсат етілмеген жерге төккен тұрғын анықталды. Бұл деректер тәртіп сақшыларының бейнежетонына түскен.
Аталған жайттар бойынша құқық бұзушыларға қатысты абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік шаралар қолданылды.
Тәртіп сақшылары қала тұрғындарын тазалықты сақтауға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға және белгіленген талаптарды қатаң ұстануға шақырады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

