spot_img
-5.1 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІ НЫҒАЙТУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІ НЫҒАЙТУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Қазіргі кезеңде құқық үстемдігін қамтамасыз ету – кез келген дамыған мемлекеттің басты мақсаты. Осы тұрғыда 2026 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 11 ақпандағы Жарлығы құқықтық реформалардың жаңа кезеңін бастап берді.

Конституциялық өзгерістер – құқықтық жүйені жетілдіруге бағытталған жүйелі шара. Билік тармақтарының өкілеттіктерін нақтылау, сот тәуелсіздігін күшейту, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру – бұл бастамалардың өзегі.

Заңгер-сарапшылардың пікірінше, референдум арқылы қабылданатын нормалар қоғамдық қолдауға ие болып, ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Халықтың тікелей қатысуы реформалардың әділ әрі ашық жүргізіліп жатқанын көрсетеді.

Құқықтық мемлекет – тек қағаз жүзіндегі ұғым емес. Ол азаматтардың күнделікті өмірінде сезілетін әділеттілік, тең мүмкіндік және заң алдындағы жауапкершілік қағидаттарына негізделеді.

15 наурыздағы референдум – осы қағидаттарды нығайтудың нақты тетігі. Әрбір азаматтың белсенділігі – құқықтық мәдениеттің көрсеткіші.

Қоғамдық пікір көшбасшысы
Мухиддинов Нұрхайын

Соңғы мақалалар

Оқуға