spot_img
17 C
Алматы
Басты бетРедакция таңдауыҚазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18...

Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады


Аталған іс-сапардың мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.
Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 600-ден астам адам қамтылды.


Аталған іс-шараға: Дүнгенбек Мадияр Жанғазыұлы – дінтанушы, Әліп Тұрсынғали Төреғалиұлы – дінтанушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Ботақараев Бауыржан Қуанышбайұлы – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті аға оқытушысы, теология ғ. PhD, Болатжан Әл-Фараби Нұрбекұлы – Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының ШЖҚ «Мониторинг және талдау орталығы», КМК бөлімінің басшысы, дінтанушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы – ҚР ҒжЖБМ Ғылым комитетінің философия, саясаттану және дінтану орталығының директоры, PhD докторы, секілді дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.


Түсіндіру тобының мүшелері Жетісу облысында болды. Олар халық арасында «Жастар арасында медиа сауаттылықты арттыру», «Теріс идеологияға қарсы сыни-ойлау дағдыларын қалыптастыру», «Қоғамда дінтанулық сауаттылықтың маңыздылғы», «Террористік, діни экстремистік және деструктивтік іс-әрекеттерге көзделген құқықтық жауапкершілік» және т. б. тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында, жастар, мектеп оқушылар, спортшылар, жаттықтырушылар, қандастар мен өзге этнос өкілдері және т.б. топтар қамтылды.

Соңғы мақалалар

Оқуға