spot_img
5 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтар«Құрылтай – қазақ тарихында салмағы бар ұғымдардың бірі»

«Құрылтай – қазақ тарихында салмағы бар ұғымдардың бірі»

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан IV Ұлттық құрылтай туралы өз пікірін білдірді.

Бурабайдағы Ұлттық құрылтайдың алғашқы секциялық отырысы өтті. Қатысушылар төрт түрлі бағыттағы мәселені негізгі отырыс алдында талқылап, ойларымен бөлісті.

«AMANAT» партиясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан  IV Ұлттық құрылтайға қатысып, байыпты басқосудың мәні мен маңызына қатысты пікір білдірді.

«Құрылтай – қазақ тарихында салмағы бар ұғымдардың бірі. Сонау ертеректе бабалар баталасқан осындай басқосулар өтетін еді. Сол игі дәстүр Тәуелсіздік дәуірінде заңды жалғасын тауып, саяси платформаға айналды. Ұлытау төрінен бастау алған Құрылтай, міне Бурабай төрінде жалғасып отыр. Оның негізгі миссиясы – мемлекеттік билік пен азаматтық қоғамның консолидациясы. Осы алаңда егемен ел ретіндегі стратегиялық бағыт-бағдарымыз, тұжырымдамаларымыз айқындалады», – деді депутат.

Соңғы мақалалар

Оқуға