Атаулы күннің тарих тамыры сонау 1990 жылдардан бастау алады. Дәл осы жылы 25 қазанда “Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы” декларация қабылданды. Мінекей, дәл осы құжат еліміздің егемендігінің жолашары болды, десек қате айтпаймыз. Құжатта еліміздің дербес мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Бірінші рет мемлекет аумағының біртұтастығы, қазақ халқының және басқа да ұлт өкілдерінің мәдениеті мен дістүрлерін, тілін қайта түлету сынды қағидаттар бекітілді. Егемендік алысымен республика күні 25 қазанда аталып өте бастады. Ал 1995 жылы 18 қазанда “ұлттық мереке” статусына ие болды. Бірақ, 2001 жылы аталған мәртебеден айырылып, мемлекеттік мереке санатына жатқызылды. 2009 жылы тіптен мереке қатарынан алынып тасталды. Уақыт ағынымен, 10 жылдан астам 25 қазан – Республика күні ретінде тойланбай келді.
Дастан ҚАСЕНҰЛЫ