spot_img
7 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарТүркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 4,7 мыңнан астам шетелдік анықталды

Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 4,7 мыңнан астам шетелдік анықталды

Түркістан облысында көші-қон қызметінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 9 айында көші-қон заңнамасын бұзған 4781 шетелдікті анықтады.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары көші-қон саласындағы заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында шетелдік азаматтардың тұрғылықты жерін, құрылыс объектілері мен базарларды, шетелдіктердің жалдамалы еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілерді тексерді.
Сонымен қатар сот шешімімен 973 шетелдік азамат елден шығарылып, қоғамдық орындарда қайыр сұраған 15 құқық бұзушы жауапқа тартылды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған қазақстандық 161 азамат пен көші-қон саласындағы ҚР заңнамасын бұзған 860 адамға шара көрілді.
Айта кетейік, Түркістан облысының полицейлері құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасында заңсыз жүрген адамдарды анықтауға, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналары мен көші-қон заңнамасын бұзушылардың жолын кесуге бағытталған профилактикалық және басқа да іс-шараларды тұрақты түрде жүргізуде.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Соңғы мақалалар

Оқуға