Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы “Cyberpol” тобының қызметкерлері облыс орталығының тұрғынынан алаяқтық жолмен ақша алған дроперлерді анықтады.
Өзін банк операторымын деп таныстырған алаяқтар жәбірленушіге қоңырау шалып, оның абонет нөмірінің мерзімі біткенін хабарлаған. Содан сенімге кіргеннен кейін қайта тіркелу үшін 4 таңбалы құпия сөзді айтуын сұраған. Содан кейін ер адамға алаяқтық жолмен 3 миллион теңгеден астам сомаға банктерден несие рәсімделген.
Қылмыстық істі тергеу барысында Cyberpol қызметкерлері қажетті жедел іс-шараларды өткізіп, дроперлерді анықтап, қала тұрғынына 1,5 миллион теңгесін қайтаруға көмектесті. Жәбірленуші өз кезегінде тәртіп сақшыларына қылмысты ашуға көрсеткен көмегі үшін шынайы алғысын білдірді.
Полицейлер азаматтарға онлайн-платформаларды пайдалану және келісім жасасу кезінде мұқият болу, бейтаныс адамдарға сенбеу, алаяқтық болған жағдайда 102 нөмірі бойынша полицияға хабарласу қажеттігі туралы ескертеді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі