spot_img
-2.1 C
Алматы
Басты бетБас тақырыпҚазақстанда Ұлттық кітап күні белгіленді

Қазақстанда Ұлттық кітап күні белгіленді

Қазақстанда Ұлттық кітап күні белгіленді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

23 сәуір – Ұлттық кітап күні. Үкімет Қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке “23 сәуір – Ұлттық кітап күні” бекітілді.

Бұл мереке Мемлекет басшысының қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты белгіленді.

“Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз”, – деді Президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде.

Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. 

Соңғы мақалалар

Оқуға