spot_img
19 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарҚАЗАҚ КҮРЕСІ БОЙЫНША АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ДЕМАЛЫС ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ «NAMYS» ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУІ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІ БОЙЫНША АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ДЕМАЛЫС ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ «NAMYS» ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУІ

Спорттық мәдениетті қолдау және дамыту мақсатында Алматы қаласыныңжастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры Алматы қаласының демалыс орталықтарының тәрбиеленушілері арасында қазақ күресі бойынша жолдастық кездесуін өткізді. Бұл іс-шара «Спартак» демалыс орталығының алаңында өтіп, қаламыздың демалыс орталықтарында белсенді айналысатын 50-ден астам жас спортшыны жинады.

Фестиваль Алмалы, Медеу және Түрксіб аудандарының демалыс орталықтарының тәрбиеленушілеріне өз спорттық таланттарын көрсетуге бірегей мүмкіндік берді, сондай-ақ жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етті. Қатысушылар жарыс алдында салмақ өлшеуден өтіп, салмақ дәрежелері бойынша бөлінді. Бұл жарыстың қатысушылардың бірыңғай тең жағдайларда өтуін қамтамасыз етті. Іс-шара барысында бірнеше қызықты матчтар өтіп, олардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар құрмет грамоталарымен және медальдармен марапатталды.

«Бүгін менің тәрбиеленушілерім жақсы нәтиже көрсетті. Олар басқа командалармен жақсы жарысып қана қоймай, пайдалы тәжірибе де ала алды. Мен болашақта олар үлкен жетістіктерге жететініне сенімдімін. Мұндай іс-шаралар балалардың мотивациясын арттыру үшін қажет, олар үлкен ареналарда өздерін көрсетуге ұмтылуы тиіс», – деп өз ойымен «Қазақ күресі» демалыс орталығының жетекшісі Хамитов Жанкелді Аманкелдиевич бөлісті.

Іс шараның басты мақсаты – демалыс орталықтарының тәрбиеленушілері арасында тәжірибе алмасу және достық байланыстарды нығайту үшін бірыңғай алаң құру болды. Іс-шара сондай-ақ қатысушылардың командалық рухын және өзара түсіністікті дамытуға ықпал етті.

Алдағы уақытта осындай жастар арасында салауатты және белсенді өмір салтын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын іс-шаралар үнемі өткізіліп тұруы жоспарланып отыр.

Соңғы мақалалар

Оқуға