spot_img
15 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарЖЕТІСУДА СТИХИЯЛЫҚ ҚОҚЫС ОРЫНДАРЫ ТАЗАРТЫЛУДА

ЖЕТІСУДА СТИХИЯЛЫҚ ҚОҚЫС ОРЫНДАРЫ ТАЗАРТЫЛУДА

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Талдықорған қаласы маңындағы стихиялық қоқыс орындары тазартылды.

Елімізде стихиялық қоқыс орындары мен көлемі спутниктің көмегімен, аэро түсірілім арқылы анықталған болатын. Қазіргі таңда сол орындарды тазарту жұмыстарымен айналысуда. Жалпы, стихиялық қоқыс орындарын тазалау жұмыстары мердігер мекемелердің күшімен жыл бойы атқарылмақ.

Талдықорған қаласы бойынша аталған жұмыстарды «Жаксымбет» ЖШС жүзеге асырады. Жыл басынан бері облыс орталығында 12 орын анықталып, 273 м3 қоқыстан тазартылды. Бүгінгі күнге 2 стихиялық қоқыс орнында тазалық жұмыстары жүргізіліп, 35 м3 қоқыс шығарылды.

Соңғы мақалалар

Оқуға