spot_img
3 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарТоқаев туған күнін тойлаудан тағы да бас тартты

Тоқаев туған күнін тойлаудан тағы да бас тартты

7 мамыр – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев үшін бұл күн – әдеттегі жұмыс күні. Ол жұмыс орнында болады. Бұл күнге байланысты ешқандай іс-шаралар жоспарланбайды, әкімшілік қызметкерлерінен де құттықтаудан бас тарту сұралған.

Мемлекет басшысы былтыр да дәл осындай ұстанымда болды.

“Бұл – Президенттің ұстанымы. Оның отбасында балалардың да, ата-аналардың да туған күндерін атап өту әдетке айналмаған”, – деп түсіндірді Берік Уәли.

Биыл Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толады.

Соңғы мақалалар

Оқуға