Алматы облысында бүгін сағат 9.12-де жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 194 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.
“Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.2. MPV магнитудасы – 5.7”, – деп жазылған хабарламада.
Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылында 2 балл болып сезілген.