spot_img
-6.1 C
Алматы
Басты бетБас тақырып"Тұман, үсік". Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

“Тұман, үсік”. Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

6 мамырда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

6 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында түнде 1-6 градус үсік болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Петропавл қаласында 6 мамырда түнде 1-3 градус үсік болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр.

Астана қаласында 6 мамырда түнде 1-3 градус үсік болады.

6 мамыр күндіз Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метр. Орал қаласында 6 мамыр жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

6 мамырда түнде Павлодар облысының батысынды, солтүстігінде 2 градус үсік, облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман болады. Батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр болады.

6 мамырда түнде Қызылорда облысының орталығында, шығысында тұман, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай болады. 6 мамырда облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қаласында 6 мамырда түнде тұман болады.

6 мамырда түнде Ақтөбе облыстың солтүстігінде 3 градус үсік сақталады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с болады. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі болады. Ақтөбе қаласында 6 мамырда түнде 1-3 градус үсік сақталады.

6 мамырда түнде және таңертең Атырау облысының шығысында найзағай болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

6 мамырда күндіз Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз екпіні секундына 15-20 метр болады. Түнде 1-6 градус үсік болады. Қостанай қаласында 6 мамырда оңтүстік-батыстан жел, күндіз екпіні секундына 15-20 метр болады. Түнде 1-3 градус үсік болады.
6 мамырда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр болады. Түнде 1-6 градус үсік болады. Көкшетау қаласында 6 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік болады.

6 мамырда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр болады. Түнде 1-6 градус үсік болады. Көкшетау қаласында 6 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік болады.

6 мамырда түнде және таңертең Ұлытау облысының оңтүстігінде тұман болады. Облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

6 мамырда түнде Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай болады. Солтүстік-батыстан жел соғады облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қаласында 6 мамырда түнде топырақтың бетінде 2 градус үсік болады.

6 мамырда Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, түнде облыстың шығысында қатты жаңбыр болады. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр.

6 мамырда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр болады. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда найзағай, дауыл. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Шымкент қаласында 6 мамырда кей уақыттарда найзағай, дауыл болады. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Түркістан қаласында 6 мамырда түннің бірінші жартысында кей уақыттарда найзағай, дауыл болады. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр.

6 мамырда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай болады. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қаласында 6 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.

6 мамырда түнде Абай облысында жаңбыр болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай болады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр.

6 мамырда түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр болады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл. Жел батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде 18-23, кей уақытта екпіні 29 м/с. Алматы қаласында 6 мамырда түнде қатты жаңбыр болады. Кей уақытта найзағай, бұршақ. Батыс желі, найзағай кезінде секундына 15-20 метр. Қонаев қаласында 6 мамырда кей уақытта найзағай болады. Жел батыстан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с.

Соңғы мақалалар

Оқуға