spot_img
-3.1 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтуде

Алматы облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтуде

Бүгін, яғни, ағымдағы жылдың 26 сәуір күні сағат 16.00-ден бастап «ТЕDА» АҚ ғимаратында (Заречный ауылы, №232 учаске) терроризмге байланысты туындаған төтенше жағдайды жою бойынша оқу-жаттығу өтіп жатыр.

Мұнда терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабтың күштері мен құралдарының іс-қимылдары практика жүзінде көрсетілуде.
Жаттығудың бір бөлігі ретінде орналасқан жердің айналасында шектеулер бар.
Азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, тартылған арнайы, құқық қорғау және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз.

Соңғы мақалалар

Оқуға