Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 595 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері — 89 901 теңге, базалық зейнетақы — 42 694 теңге», — делінген хабарламада.
Жыл басынан бастап республикалық бюджеттен 926,5 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге — 291,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге — 635,1 миллиард теңге қарастырылғаны айтылды.
2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны — 2 миллион 364 мың адам.

