Ауыл шаруашылығы ресми өкілі Олжас Тілебалдин су тасқыны кезінде 88 мыңнан аса төрт-түліктің қауіпсіз жерге айдалғанын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, ел бойынша өлген мал басы – 8,1 мың. Оның ішінде ұсақ бас – 6 мың, ірі-қара – 1500, жылқы – 514 бас.
“Республикалық эпизоотияға қарсы отряд тұрақты эпизоотиялық жағдайды сақтау мақсатында жануарлардың өлекселерін жою жұмыстарын қарқынды жалғастырып жатыр. Бүгін 4,1 мың бас өлген мал жойылды”,- деді ол.
Тілбалдин мал иелеріне өтемақы төлеу алгоратимі әзірленіп, бекітілгенн айтады.
“Меншік иелері залалды анықтау және басқа мәселелердә шешу үшін өңірлерде жергілікті атқарушы органдар мен шығынды анықтау жөніндегі комиссиялар құрылды. Су тасқыны салдарынан өлген ауыл шаруашылығы жануарларын иелері малдары туралы мәліметтерді көрсете отырып жергілікті комиссияға өтініш беруі керек. Ауыл шаруашылығы жануарларына меншік құқығы комиссиялардың актілерімен расталады”, – деді ресми өкіл ОКҚ-да өткен брифингте.
Өтемақы мөлшері ұлттық статистика бюросы жариялаған жануарлардың түрлері, жынысы мен жас шамасы бойынша анықтамаға қарап айқындалмақ.