spot_img
19 C
Алматы
Басты бетБас тақырыпБҚО-да бір ауыл су астына кетті

БҚО-да бір ауыл су астына кетті

Тасқала және Чижа-2 ауылдарына қауіп төніп тұр, онда Деркөл өзеніндегі су деңгейі қауіпті белгіден асып кеткен.

Қаратөбе ауданындағы ауылдан бөлек, Оралда, Теректі, Тасқала аудандарында және Бәйтерек ауданында 70-ке жуық үй су астында қалды. 255 аулаға су кірді.

Әкім орынбасарының айтуынша, “Қазгидрометтің” болжамына сәйкес бірнеше күн ішінде тұрғындарға су тасқыны туралы ескертіп, қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраған.

Айта кетейік, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері ең күрделі жағдай Ақтөбе және Қостанай облыстарында тіркелгенін мәлімдеді.

“Еріген қар суымен күресу үшін Ақтөбе және Қостанай облыстарына Маңғыстау, Қызылорда облыстары мен 52859, 20982 әскери бөлімдерінен 220-ға жуық жеке құрам мен 25-тен аса техникадан қосымша күштер мен құралдар жіберілді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 1,5 мыңға жуық адам, 500-ден аса техника, 200-ге жуық су айдау және жүзу құралы жұмылдырылды”, – деп мәлімдеді министрлік өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін 11 өңірде әкімдіктер мен ТЖД өкілдерінің кезекшілігі ұйымдастырылғаны хабарланды. 

Соңғы мақалалар

Оқуға