spot_img
-6.1 C
Алматы
Басты бетБас тақырыпҚазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша екені белгілі болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 616,3 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 193,8 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 422,5 миллиард теңге жұмсалған.

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 354 мың адам.

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері – 132 852 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 90 091 теңге, базалық зейнетақы – 42 761 теңге.

Соңғы мақалалар

Оқуға