Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген адам БАӘ-де ұсталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында Қазақстан Ішкі істер министрлігі Интерпол ұлттық бюросының сұрауы бойынша Kazakhstan Kagazy компаниясының бұрынғы бас директоры Мақсат Әріп ұсталған.
“Оған аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті іздеу жариялаған болатын”, – деп жазылған хабарламада.
Мақсат Әріп Kazakhstan Kagazy компаниясын 2003 жылдан 2008 жылға дейін басқарды.