Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев биыл Қазақстанда сұйытылған газ 5-8 теңгеге қымбаттайтынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
“Жыл сайын сұйытылған газ бағасының өсіруді жоспарлап отырмыз. Биыл өңірлерге байланысты сұйытылған газ бағасын шамамен 5-8 теңгеге арттырамыз. 2024 жылғы көктемдегі министрліктің жоспарында өсім қарастырылған”, – деді Алмасадам Сәтқалиев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.
Айта кетейік, Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл ақпанда коммуналдық тарифтер айтырлықтай қымбаттаған:
Су бұруға – 33,9 пайыз;
Орталықтан жылытуға – 30,9 пайыз;
Суық суға – 30,8 пайыз;
Қоқыс шығаруға – 30,7 пайыз;
Ыстық суға – 29,4 пайыз;
Электр энергиясына – 19,9 пайыз.
Аяз Есен