spot_img
-2.1 C
Алматы
Басты бетБас тақырыпОраза-2024. Сәресін таң атқаннан кейін ішіп қойса, үкімі қалай болады?

Ораза-2024. Сәресін таң атқаннан кейін ішіп қойса, үкімі қалай болады?

Сәресін таң атқаннан кейін ішіп қойса, үкімі қалай болады? Бұл сұрақтың жауабы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкім бойынша ораза ұстаған адам қателесіп ішіп-жеп қойса да, ол күн қарыз болып есептелінеді. 

“Ораза таң атқаннан басталып, күн басқанға дейін жалғасады. Алла Тағала Қасиетті Құранда: “..Және таңнан, қара жіптен ақ жіп (қараңғылықтан сәуле) айрылғанға дейін ішіңдер, жеңдер..”, – деген. Демек, таң атқаннан кейін ешнәрсе ішіп-жеуге болмайды. Қателесіп тамақ жеп, су ішіп қойған жағдайда оразасы бұзылады. Күн батқанға дейін ешнәрсе жемей, кейін сол сүннің қазасын өтейді”, – делінген үкімде. 

Айта кетейік, бұған дейін Ораза-2024. Биылғы пітір садақа мөлшері белгілені хабарланған болатын. 

Соңғы мақалалар

Оқуға