spot_img
4 C
Алматы
Басты бетӘлемде1 наурыз. Сағат тілін қалай ауыстырамыз?

1 наурыз. Сағат тілін қалай ауыстырамыз?

1 наурызға қараған түні бүкіл қазақстандықтар біртұтас уақыт белдеуіне көшеді. Қай құрылғыларда уақыт автоматты түрде өзгереді, ал қайсысында бір сағатқа алға жылжытуымыз керек? BAQ.KZ тілшісі шағын шолу жасады.

Наурыздың бірінші күні Қазақстанның бүкіл аймағы UTC+5 уақыт белдеуіне көшеді. Оның ішінде Астана, Алматы, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстары жаңа уақыт белдеуінде өмір сүре бастайды.

Ал қазіргі таңда Астана, Алматы, Шымкент қалалары және қалған облыстар (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Түркістан, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Алматы) 5-ші сағаттық белдеуге (UTC+5+1) жатады.

Мұны Қолданбалы хронобиология маманы Болат Нұрқожаев былай түсіндірді:

Қазақстан Республикасы географиялық орналасуы бойынша толық UTC+3,5/+4,5/+5,5 аумағында орналасқан деуге, ортаңғы сағаттық белдеуі UTC+4,5 сағаттық белдеу деуге толық негіз бар. Біз уақытты алға қарай жылжытайын деп жатқан жоқпыз. Бұрынғы уақытты түзейін деп жатырмыз. Біз қайтарайын деп отырған UTC+5 уақыты Астана, Алматы, Шымкент, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстанның белдеу уақыты деп айтуға болады. Бүкіл дәлелелдер жиналды. 43 беттен тұратын есеп жобасы жасалды, – деді Болат Жолтайұлы.

Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев смартфондар мен электронды гаджеттердені уақыт қалай реттелетінін түсіндірді. Оның айтуынша, гаджеттерде 29 наурыздан түнгі 00:00-ге қараған кезде автоматты түрде ауыстырылады.

Қазақстандағы ұялы телефондар мен басқа гаджеттер байланыс операторының орталық коммутаторынан ақпарат ала отырып, өздерінің жүйелік уақытын автоматты түрде синхрондайды, – деп комитет төрағасы.

Үйдегі сағатты қалай ауыстырамыз?

Сағатыңызды (еск – 5-ші сағаттық белдеуде тұратын халық) бір сағат артқа жылжытасыз. Міндетті түрде сағат 00:00-ге ауыстырудың керегі жоқ, одан бұрын да жылжытсаңыз болады. Мәселен, 23:45 болса, 22:45-ке келтіресіз, – деп түсіндірді Қолданбалы хронобиология маманы.

Соңғы мақалалар

Оқуға