Алматыдан 250 шақырымда жер сілкінісі болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жер сілкінісін Төтенше жағдайлар министрлігінің «ННЦСН и И» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 24 қаңтарда Астана уақытымен сағат 07:35-те тіркеді.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 11,3. Магнитудасы MPV — 4,9», — делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында қалай сезілгені туралы ақпарат жоқ.