spot_img
-1.1 C
Алматы
Басты бетБас тақырыпҚазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды

Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін атады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, 2023 жылы республикалық бюджеттен 2,3 миллион адамға 3,3 триллион теңгеден астам сома зейнетақы берілген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 1 трлн 16,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 трлн 297,4 млрд теңге бөлінген.

Былтыр 1 қаңтардан бастап инфляция деңгейін ескере отырып, әлеуметтік төлемдерді жыл сайынғы индекстеу шеңберінде ынтымақты зейнетақының өсуі 10,5 пайыз (инфляция деңгейінен 2 пайыз ілгерілеп). Сондай-ақ, ең төмен күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты базалық зейнетақы мөлшері ұлғайтылды.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері – 120 744 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 82 868 теңге, базалық зейнетақы – 37 876 теңге.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі зейнеткерлер саны – 2 млн 344 мың адам.

“2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заңға сәйкес ынтымақты зейнетақы мөлшері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 9 пайызға өсті.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына, сондай-ақ ең төмен мөлшердің 60 пайыздан 65 пайызға, ең жоғарысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 100 пайыздан 105 пайызға дейін ұлғаюына байланысты арттырылды.

Осылайша, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жиынтық зейнетақының ең төмен мөлшері 77 417 теңгеден (2023 жылы) 86 068 теңгеге дейін көбейді.

Соңғы мақалалар

Оқуға