Музыкалық тілде жоғары тенор деп аталатын Әміре дауысы – табиғаттың қазақ халқына тарту еткен сирек сыйы. Әміре даусының мінсіз сұлулығы ғасырларда ғана қайталанар ерекше құбылыс.
ҚР Мемлекеттік орталық музейі қорында біртуар дарын иесінің жеке мұрағаты бар. Көрме төрінен орын алған аса құнды жәдігердің бірі – XX ғасырдың 20-жылдары Әміре Қашаубаевтың даусы жазылған патефон. Сондай-ақ әншінің домбырасы, портреті, Парижде сатып алған айнасы, чемоданы, өмірі мен шығармашылығын зерттеген ғалымдардың еңбектері мен құжаттарының түпнұсқасы көпшілік назарына ұсынылды.
Шараға ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, қоғам қайраткері, Ә. Қашаубаевтың туысы Хасен Керімжанұлы, ақын, журналист, Ә. Қашаубаевқа арналған «Ұлы тенор» поэмасының авторы Шағыр Семейғазыұлы және БАҚ өкілдері қатысты.
Көрме 2023 жылғы 19-желтоқсанға дейін жалғасады.